|
|
ОқуBAS University оқу орталығы авторизацияланған оқу мен 15 бағыт бойынша өзі әзірлеген оқу курстары қызметтерін ұсынады. BAS University-ң Oracle Approved Education Provider мәртебесімен және Oracle Platinum Partner жоғары әріптестік мәртебесімен Oracle авторизацияланған оқуын өткізуге және Microsoft Learning Solutions мәртебесімен авторизацияланған оқуын өткізуге; Learning Partner Associate мәртебесімен CISCO авторизацияланған оқуын өткізуге қажетті сертификаттары бар; ол Hewlett-Packard оқу қызметтерін көрсетеді. CISCO авторизацияланған оқуы CISCO Learning Solutions мәртебесіне ие және алдыңғы қатарлы ресейлік авторизацияланған ақпараттық технологияларға оқыту орталықтарының бірі болып табылатын әріптесі- REDCENTER ОО-мен бірге өткізіледі (http://www.redcenter.ru) Сондай-ақ IBM Lotus Domino, ITIL, Red Hat Linux, SUN, SAP бойынша, ақпараттық қауіпсіздік, жобаларды басқару, SCO, FreeBSD және т.б. оқулар өткізіледі. Оқу орталығында Pearson VUE (http://www.pearsonvue.com) және Prometric (http://www.prometric.com) авторизацияланған тест орталықтары және бағдарламалық жасақтама мен ақпараттық жүйелерді өндіретін алдыңғы қатардағы компаниялардың сертификаттық емтихандарын өткізуге арналған орталық әрекет етеді. Бізде оқығандар: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есептесу орталығы» РМК, «Электронды Коммерция орталығы» ЖШС, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК, Еуразиялық Даму Банкі, «Альянс Банк» АҚ, «Банк Центркредит» АҚ, «Ұлар Үміт» ЖЗҚ, «Қазақшетсақтандыру» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» СК АҚ, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, «Каspi Bank» АҚ, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Қазтрансгаз» АҚ, «Волковгеология» орталық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» АҚ филиалы, «Тау-кен компаниясы» ЖШС және т.б. BAS University-да ИТ Департаментінің қызметкерлері үшін ғана емес, сондай-ақ ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің, байланыс орталықтарының, техникалық қолдау орталықтарының, Service Desk, маркетинг, қаржыгерлер, бухгалтерия және т.б. бөлімдердің қызметкерлері үшін де мамандандырылған корпоративтік бағдарламалар әзірленіп, табысты жүзеге асырылып келеді. Мамандандырылған оқу курстарының бағдарламасы мен логистикасында бөлімшелер мен ұйымдардың ерекшеліктері барынша ескерілген. Жалпы ауданы 200 шаршы километрді алып жатқан оқу орталығы Алматы қаласында мына мекенжайда орналасқан: 050009, Абай д-лы 151/115, Радостовец к-ң қиылысы, «Алатау» бизнес-орталығы, 6-қабат, 601-офис. BAS University-да тыңдармандар мен оқытушылардың тиімді әрі шығармашылық тұрғыда өзара әрекеттесуіне арналған жайлы жағдай жасалған. Компьютерлік оқу бөлмелері әрбір тыңдарман үшін жеке жұмыс орнымен және кофе-брейктер өткізуге арналған жеке жайлы жайлармен жабдықталған. Біздің Астана қаласында оқу өткізуге қажетті қорымыз бар. Оқу процесін сапалы түрде ұйымдастыруға басты назар аударылған, ақпараттық жүйелерді әзірлеу жөніндлегі нақты жобаларды енгізуге қатысатын және бес және он жылдық жаттықтырушылық тәжірибесі бар, сертификатталған нұсқаушы мәртебесі ие тәжірибеші-оқытушылар шақырылған. ХХI ғасыр- Кадрлық Технологиялар Орталығымен бірге іскерлік әрекеттесу шеңберінде адамның ресурсын тиімді пайдалануға бағытталған техникалық емес корпоративтік оқудың бірегей бағдарламаларын ұсынамыз. Оқуды кадрлық кеңес беру және оқу саласындағы аға маман, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің профессоры Базаров Тахира Юсуповичтің басшылығымен табысты кеңесшілер командасы өткізеді. (http://www.cpt21.ru) |


