|
|
Консалтинг«Business Applications Solutions» ЖШС Oracle корпорациясы компанияларының бизнес-әріптесі болып табылады және Oracle eBusiness Suite, Oracle Hyperion, Oracle Siebel сияқты Oracle бағдарламалық өнімдерін енгізу және қолдау жөніндегі консалтингтік қызметтерді ұсынады. Компанияның 40-тан астам жоғары білікті кеңесшілері мен әзірлеушілері бар. Біздің озық қызметкерлеріміздің енгізу тәжірибесі мол, олардың біліктілігі Oracle – Oracle Certified Professional, Oracle Certified Expert сертификаттарымен расталған. Түрлі бизнес салаларына жобаларды енгізуге қатыса отырып, біздің кеңесшілеріміз осы бизнес салаларындағы процестерді, олардың ерекшеліктерін және автоматтандырудағы тұтыныстарын түбегейлі біледі. Біздің енгізу жобаларының басынан аяғына дейін қатысатын кеңесшілеріміз енгізу процесінде туындайтын мәселелерді бір команда болып шешуге қабілетті ауызбірлікті, ынтымақты ұжым болып табылады. Енгізу процесінде Oracle компаниясы әзірлеген жобаларды басқару (PJM) және енгізу (AIM) жөніндегі озық әдістемелерді пайдалану енгізу жөніндегі консалтингтік қызметтерді жоғары деңгейде әрі белгіленген мерзімде көрсетуге мүмкіндік береді. |


